Қазақ тілі – сөздік қоры

«Қазақ тілін меңгерту үшін қажетті сөздік қоры» берілген талаптары, қазақ тілін меңгерту үшін  қажетті сөздік қоры тәрбиеленушілердің қазақ тілінде ауызекі байланыстырып сөйлеуін түрлі  балалар әрекетінде дамыту бойынша ; — қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстыру;-белсенді сөздікті байыту; -сөздік нормалары; -мәдениетті қарым-қатынасты игерту; Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту; -қазақ халқының  тұрмыстық заттарымен, киім- кешегімен ,азық-түлік  өндіруге  тұрмыстық кәсібімен; мал өсіруде және егіншілікке қажетті құрал –жабдықтары; — туған  өлкенің  көрнекі  жерлері  әсем  табиғаты, тарихи  орындары  туралы  суреттер, фотолар, альбомдар  дайындалған.

Ересек топ  тәрбиешісі  балаларға  ауыз екі  сөйлеуде  мақал  -мәтелдерді,  көркем  сөзді  қолдануына қолдау  көрсету.  Ынталандыру  мақсатында «  Мақал-мәтелдер: үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие»  тақырыбында мақал-мәтелдер  сайысын  өткізді. Балаларды шағын  өлеңдер,санамақтар, жаңылтыпаштар,тақпақтар  жаттау, жұмбақтар  шешу арқылы  шешендік  өнерге  баулу, сөйлеуді  дамыту,көркем әдебиет  оқу іс-әрекеттерінде  ойын  арқылы жоспарланды. Сонымен қатар  ұлттық  ойындар  ұйымдастырылып, олардың  мән-мағынасы  түсіндірілді.

Балабақша іс шараларында Әжелеріміз өздерінің  рухани  құндылықтарын  паш етті. Үлкендер өнегелі  сөздерін  айтып, ақ баталарын  берді.

Таныс немесе  бейтаныс  ертегілер мен  шағын  көркем шығармалардың  мазмұнын  илюстрациялар  бойынша қайталап айтуға , тыңдалған  көркем  шығарма мазмұнын  ретімен  жүйелі түрде жеткізуге  , кейіпкерлердің  диалогын  мәнерлі  интонациямен  беруге, шығарманы  рөлдерге  бөліп  сомдауға  мүмкіндік  беру  мақсатында  «Ертегі, ертегі  сыр  шертеді»  атты    апталық  ортаңғы  және ересек топтарының  тәрбиеленушілерімен  өткізілді.

Отбасы  құндылықтары  туралы  түсініктерді  қазақи  салт-дәстүр өнері туралы  ұғымдарды  кеңейту,отбасындағы  жақын  адамдарды  қадірлеуге,оларды сүйе білуге отбасы игілігі үшін талмай еңбек ету үйрету. Әртүрлі тапсырмалар ойындар арқылы физиологиялық қимыл әрекетін қиялын  дамыту мақсатында «Менің отбасым» тақырыбында  ересек тобында ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті өткізілді.